Ақтөбеде әкесінің көлігін рұқсатсыз теуіп кеткен жасөспірім қаза тапты

5 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
Ақмола облысының Полиция департаменті

Қайғылы оқиға 2 қыркүйек кешкі сағат 22:20-да Ақтөбенің Әлихан Ермек көшесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаментінің мәліметінше, 16 жастағы мектеп оқушысы әкесіне тиесілі Mitsubishi Carisma автокөлігін рұқсатсыз теуіп кеткен.

Кәмелетке толмаған жасөспірім рөлде отырып, көлігімен аударылып кеткен. Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция ата-аналардан балаларын қатаң бақылауда ұстауды сұрайды.

 

Тэгтер:

Ақтөбе Жол апаты Жасөспірім