Алматының Орталық стадионы УЕФА стандарттарына сай – министрлік

4 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Алматының Орталық стадионы туралы мәлімдеме жасады , деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келеді деп дәл атап өтті: футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыру бөлмелері, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар толық аттестаттаудан өтті және халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін кездескен сынған орындықтар немесе әжетханалардың ескіруі секілді кемшіліктер спорт нысанының жаңа емес екеніне ғана емес, кейбір көрермендердің стадион мүлкіне деген ұқыпсыз қарым-қатынасына да байланысты.

Матчтардан кейін әдетте орындықтардың айтарлық бөлігі
жарамсыз күйге түсетіндіктен, орындықтар үнемі тексеріліп, бүлінгенін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі таңда бұл мәселелер қатаң бақылауда – орындықтарды ауыстыру мен қалпына келтіру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын санитарлық-гигиеналық тораптарда жеңіл-желпі жөндеу жүргізілсе, қазір оларды күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Алдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін Орталық стадион толық дайын болады: абаттандыру бойынша
қажетті шаралар аяқталып, тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, ең жоғарғы деңгейдегі матчтарды өткізу үшін барлық халықаралық нормаларға сәйкестік
қамтамасыз етілді.

Тэгтер:

Алматы Футбол Реал