Жаңа зерттеу: стресс жүректі молекула деңгейінде өзгертеді

Бүгін, 19:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Калифорния университетінің (UC Davis Health) кардиология саласындағы ғалымдары стресс тек психикаға ғана емес, жүрек жұмысын молекулалық деңгейде өзгертетінін анықтады. Зерттеу нәтижелері Journal of Molecular and Cellular Cardiology журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар әлеуметтік және экологиялық стресс факторларының, шу, адамдардың көптігі, ұйқының бұзылуы сияқты жағдайлардың жүрек-қантамыр жүйесіне қалай әсер ететінін зерттеді. Жануар модельдері арқылы жүргізілген тәжірибеде 10 күндік қарқынды стресс жүректе қабыну процесін күшейтіп, жүрек функциясына нәзік өзгерістер әкелетіні байқалды.

Зерттеу авторлары бұл процестің молекулалық механизмін де анықтады. Стресс NLRP3 инфламмасомалары деп аталатын мультипротеиндік кешендерді белсендіріп, қабынуды күшейтетінін көрсетті.

«Стресс жасуша деңгейінде тізбекті реакция арқылы бұл кешендерді қосады, нәтижесінде жүрекке зиян келтіретін молекулалар бөлінеді», – дейді зерттеуге қатысқан кардиология профессоры Падмини Сириш.

Ғалымдар бұл зерттеудің жүрек ауруларындағы стресс рөлін түсінуге жаңа бағыт беретінін атап өтті.

Тэгтер:

жүрек стресс молекула