Жақында жүргізілген зерттеу көрсеткендей, нейрожелілер адам сияқты ықпал ету әдістеріне осал: манипуляциялар, мақтау, жақындық сезімін тудыру оларды оңай «әсерлендіре» алады, деп хабарлайды turkystan.kz securitylab.ru-ға сілтеме жасап.
ChatGPT-мен жүргізілген экспериментте авторитетке сілтеме жасау арқылы «тыйым салынған» сұраныстардың орындалу ықтималдығы 32%-дан 72%-ға дейін өскені анықталды. Ал тыйым салынған заттарды синтездеу нұсқаулары әдетте 5% орындалса, авторитет арқылы олар 95% жағдайларда орындалған.
Мұның себебі — нейрожелілер адам мәтіндері арқылы үйретілгендігінде, ЖИ адам мінез-құлқының үлгілерін меңгеріп, әлеуметтік сигналдарға жауап береді. Яғни, адамға әсер ететін сендіру әдістері нейрожелілерге де әсер ете алады.
Эксперттер ескертеді: болашақта ықтимал «хакерлер» IT мамандары емес, сөздің күші мен әлеуметтік механизмдерді меңгерген психологтар, лингвисттер немесе тіпті орыс тілі мұғалімдері болуы мүмкін.