Қарағанды облысы Президент Жолдауында көрсетілген стратегиялық басымдықтарға сай жұмысты кезең-кезеңімен жүзеге асырып, оң экономикалық нәтижелерге қол жеткізуде. Жыл сайын өндіріс көлемі артып келеді. Оның ішінде негізгі үлес өнеркәсіп пен өңдеу секторына тиесілі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыс өндіру көлемі бойынша аймақтар арасында көш бастап тұр. Мәселен, өткен жылы 3 триллион теңгеден астам өнім өндірілді. Бұл өңірде өндірілетін жалпы өнімнің 35%-ын құрайды.
Өңірде барлық кокстелетін көмірдің, энергетикалық көмірдің 3/1, түсті және бағалы металдардың басым бөлігі, сондай-ақ 100% жалпақ илек (плоский прокат) өндіріледі. Бұл – аймақтың және жалпы елдің өнеркәсіптік қуатының негізі.
Бизнес белсенділігі артып, инвестициялар тарту барысында аймақтық ЖІӨ бойынша Қарағанды облысы 4-ші орынды иеленді (ЖІӨ-дегі ЖӨӨ 6,6%).
Өткен жылы экономикалық өсу қарқыны 8,8% жетті. Бұл көрсеткіш әлі де сақталуда.
Өңір экономикасының 40%-дан астамын өнеркәсіптік сектор құрайды.
Облыста 941 өндіріс орны жұмыс істейді (838-і шағын, 67-і орта, 36-сы ірі).
Биылғы жылдың 7 айында 2,7 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 7,3%-ды құрады.