Ұлттық банк жаңа дизайндағы банкноттарды таныстырды

4 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
Ұлттық банк

Қазақстанда 500 және 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкноттар пайда болады. Оларды айналымға шығару 2025 жылдың соңына және 2026 жылға жоспарланған, деп хабарлайды turkystan.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

 Бүгінгі таңда жаңа дизайндағы 10 000, 2 000 және 1 000 теңгелік банкноттар айналымға енгізілген. Ұлттық банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллельді айналымы аяқталатын мерзімдерді атады:

Сондай-ақ, жаңа үлгідегі екі банкнотты шығару жоспарланған:

Бұған қоса, 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап 5 000 теңгелік ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллельді айналымы тоқтатылады.

25 қыркүйектен кейін барлық банктер мен «Қазпошта» ескі купюраларды жаңа үлгіге 3 жыл бойы айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз қабылдайды.

Тэгтер:

Ұлттық банк банкнот