Сайрам-Өгем ұлттық саябағында 2 ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

4 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
Instagram

Құтқарушылар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Сайрам шыңына шығуға кеткен екі ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Түркістан облысындағы ең биік шың, оның биіктігі төрт мың метрден асады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ер адамдар тамыздың 31-і күні таңертең шыңға шығып, сол күні кешке қайтамыз деген ниетпен кеткен. Алайда олар әлі үйлеріне оралмады.

Құтқарушылар мен ТЖД мамандары іздеу жұмыстарын жалғастыруда.