Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

4 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеолрологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылы 3 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау, қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.