Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Бүгін, 06:55 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Бокстан World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды.

Отандастарымыз әлем чемпионатындағы жорығын 1/16 және 1/8 финалда бастайды.

1/8 финал:

50 келі: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) - Хутайфа Эшиш (Иордания) мен Луис Руни (Ирландия) жұбының жеңімпазы;

75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Павло Илюша (Украина) мен Мохаммад Нурани (Үндістан) жұбының жеңімпазы;

85 келі: Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Георги Кушиташвили (Грузия) мен Петар Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазы;

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай (Қазақстан) -Мючахит Ильяс (Түркия) пен Доврани Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазы.

1/16 финал:

55 келі: Μахмұд Сабырхан (Қазақстан) - Брайан Ортис (Мексика) пен Амир Мохаммади (Бельгия) жұбының жеңімпазы;

60 келі: Бибарыс Жексен - Джунмилардо Огаире (Филлипин) мен Лай Чу-эн (Қытай Тайпейі);

65 келі: Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) - Юго Гро (Франция);

70 келі: Төрехан Сабырхан (Қазақстан) - Юсеф Ислам Яише (Алжир);

80 келі: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Матвий Владленович Ражба (Украина) мен Бен Носа Эхис (Германия) жұбының жеңімпазы;

90 келі: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) мен Айзек Око (Англия).

World Boxing ұйымының аясында алғаш рет Ливерпуль (Англия) қаласында өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер - 329, әйелдер - 225) келді.