Қостанайда автокөлік қарт әйелді қағып кетті

Бүгін, 17:09 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Баймағамбетова мен Победа көшелерінің қиылысында Jetour автокөлігінің жүргізушісі 76 жастағы әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізушінің айтуынша, ол маневрді аяқтап, Баймағамбетова көшесімен орталықтан КСК бағытына қарай жүріп бара жатқан. Сол сәтте әйел жолды базар жағынан Жеңіс саябағына қарай кесіп өтпек болған.

Апат салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Полиция жүргізушілерге жол қиылыстарына жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге барынша мұқият болуды ескертеді.

Тэгтер:

Жол апаты Қостанай қарт әйел