Қызылорда облысында берілмеген еңбек демалысы үшін 1,5 млн теңге өтемақы өндірілді

Бүгін, 12:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазалы ауданында мәдениет саласындағы жұмысшылардың еңбек құқықтары қорғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы прокуратурасы тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мәдениет саласындағы бірқатар мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы, аудандық кітапханалар жүйесі және ауылдық клубтарда жұмыс істейтін 25 қызметкерге пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін 1,5 млн теңгеден астам өтемақы толық төленді.

Нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура ұсынысы негізінде уәкілетті органдармен еңбек заңнамасын сақтау шаралары қабылданды.

Тэгтер:

өтемақы Төлем еңбекақы еңбек демалысы