Ақсу зауытында жұмысшылар күйіп қалды: Қылмыстық іс қозғалды

3 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақсу ферроқорытпа зауытында еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын-ала деректерге сәйкес, Ақсу қаласындағы зауыттың балқыту цехында пештен шихта материалдары төгілген. Салдарынан үш жұмысшы күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – деп хабарлады полиция.

Бұған дейін Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс жүргізу кезінде үш қызметкер термиялық күйік алғаны хабарланған еді.

Тэгтер:

Ақсу қылмыстық іс зауыт күйік шалу ферроқорытпа