Арқалықта 7 мың тонна отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқандар ұсталды

Бүгін, 10:21 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бір жыл бойы компания Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан.

Айта кету керек, техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыру – бұл жәй азаматтық-құқықтық дау емес, бұл — Қазақстан халқының меншігі болып табылатын табиғи ресурстарды ұрлауға, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және экологиялық мүдделеріне зиян келтіруге әкелетін қылмыстық әрекет.

ЖШС директоры адвокаттың қатысуымен жауап алынды, оның құқықтары толық сақталған, қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Тэгтер:

өндіріс Арқалық саз балшық