Мемлекет басшысы Бейжіңдегі әскери парадты тамашалады

3 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі әскери парадты тамашалағанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, - делінген ақпаратта.