Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

3 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

- 2025 жылы 3 қыркүйекте Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, -делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.