Ақтөбе облысында жастар арасындағы діни мәселелер бойынша орталық ашылды

Ақтөбе облысында жастар арасындағы діни мәселелер бойынша орталық ашылды

Ақтөбе облысында жастар арасындағы діни мәселелер бойынша орталық ашылды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының бір ауданында жастар арасындағы діни мәселелер бойынша орталық ашылды. Бұл туралы аудан әкімі Ербол Данағұлов «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихаты кезінде баяндады. Оның айтуынша, теріс діни ағым жетегіндегілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жуырда Мұғалжар ауданында жастар арасындағы мәселелер бойынша және қоғаммен байласыныс орталығы ашылды. «Бір апта бұрын мен облыс әкімінің тапсырмасымен Алматыдағы «Нұр-Мүбәрәк» университетіне барып қайттым. Аталмыш оқу орнында білім алып жатқан 53 ақтөбелік студентпен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылы оқуын аяқтағалы тұрған екі студент біздің орталыққа келуге ниет білдірді.  Орталыққа теологтардан өзге психологтар мен заңгерлер де тартылып, барлығы 15 адам еңбек ететін болады. Адасқандарды тура жолға салу қиын, алайда, біз жұмыс істеп жатырмыз, көздеген мақсатымызға жететінімізге сенімдімін»,-деді осы жылдың мамыр айына дейін жат ағымның соңында жүрген 20 адамды дәстүрлі исламға қайтару тапсырмасы тұрғандығын айтқан аудан әкімі. Жалпы, Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданындағы діни жағдайдың тұрақты екендігін атап өтті.