Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының бас директорын қабылдады

2 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Президент Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнді Қытай атом өнеркәсібіне 70 жыл толуымен құттықтап, бұл мерейлі меже аталған саладағы диалогты одан әрі нығайтуға жол ашатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында атом индустриясындағы ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

Президент тәжірибесі мол әрі технологиясы озық CNNC компаниясымен бірлескен жобалар, соның ішінде еліміздегі екінші атом электр стансасының құрылысы табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясы Шэнь Яньфэн