Солтүстік Қазақстанда үш автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Бүгін, 11:21 / Алуа Арман
Фото: smi.kz

1 қыркүйек күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Қызылжар ауылының маңында, Челябі – Новосібір тасжолында үш автокөлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, соқтығысу шамамен сағат 13:25-те республикалық маңызы бар автожолдың 505-шақырымында болған. Жол апатына Chevrolet, Mazda және Lexus маркалы көліктер қатысқан. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен нақты себебі әзірге анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, рөлде барынша мұқият болуға және тәуекелді маневрлерден аулақ болуға шақырады.

Тэгтер:

Жол апаты Солтүстік Қазақстан