Сегізінші шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ашылды

2 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
Мәжілістің Баспасөз қызметі

Палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараға Парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.