Таразда 1 қыркүйекте 14 жастағы оқушыны пышақтап тастаған

2 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Таразда жаңа оқу жылының алғашқы күні 14 жастағы оқушының мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның деректеріне сәйкес, жасөспірімді қаланың бір шағын ауданынан тауып алған.

Алдын-ала ақпарат бойынша, соққы жүрек тұсына тиген.

Жамбыл облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — деді полиция.

Тэгтер:

оқушы Жасөспірім Тараз 1 қыркүйек пышақтау