Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

2 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Асхат Раздықұлы Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Асхат Оралов 1990 жылғы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған. PhD докторы.

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы болып бастаған.

2013–2016 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың протокол бөлімінің жетекші маманы.

2014–2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016–2018 жылдары – Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

2018 жылғы қаңтар–тамыз айларында – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.

2018–2019 жылдары – ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019–2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020–2021 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2021–2022 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2022–2023 жылдары – «Nur Otan», «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы.

2023 жылғы 4 қаңтарда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

2024–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болды.

Сонымен бірге Ізбергенов Ербол Күреңтайұлы облыс өкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Басқа қызметке ауысуына байланысты Қаныбеков Асқар Сакенұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Тэгтер:

Әкім Маңғыстау орынбасар Асхат Оралов