Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды

Бүгін, 08:37 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдарының 500-ден астам өкілі, оның ішінде Қытайдың 70-тен аса ірі корпорацияларының жетекшілері қатысуда.