Өскеменде көпір опырылып құлады

Бүгін, 06:50 / Нұрлан Әлинұр
Өскемен әкімдігі

Өскеменде Шнайдер көпірінің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға орнына барлық қажетті қызметтер мен жедел әрекет ететін арнайы бөлімшелер жұмылдырылды. Қазір апаттың салдарын жою шаралары қолға алынған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалада жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындардан сабыр сақтап, апат аймағына бармау сұралады.

Өскемен әкімі Алмат Ақышевтің айтуынша, соңғы үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өзен деңгейі көтерілген.

«Көпірді қысқа мерзімде қайта қалпына келтіреміз», – деп сендірді қала әкімі.