«Қазавиақұтқару» тікұшағы нәрестені Екібастұздан Павлодарға шұғыл жеткізді

Бүгін, 06:29 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе қызметі Екібастұздан Павлодарға нәрестені арнайы медициналық көмекке жедел жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Санитарлық рейс кезінде сәби дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Павлодар перинаталдық орталығына тапсырылғанға дейін оның жағдайы үздіксіз қадағаланып отырды.

Операцияны тәжірибелі экипаж – Саукинбек Керім, Әсілхан Азамат және Құдайберген Ербол орындаған. Команданың үйлесімді жұмысы науқасты қысқа уақыт ішінде әрі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік берді.

Мамандардың айтуынша, санитарлық авиация жедел медициналық көмек жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді. Ол қысқа мерзім ішінде өмірді сақтап қалуға жағдай жасайды.