Бұрынғы Бас көлік прокурорына іздеу салынды

1 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан

Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі порталы хабарлады.

Ресми мәліметке сүйенсек, іздеу ісі 29 тамызда Алматының Алмалы ауданында тіркелген. Іздеуді прокуратураның бастамасымен Алматы Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Мақсат Дүйсенов 1973 жылы дүниеге келген. ІІМ органдарында тергеу және басқарма жұмыстарында, Қаржы полициясында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде еңбек еткен.

Ол 2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін атқарды.