Астанада 6 жастағы бала ойын алаңында қызды пышақпен қорқытты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған 6 жастағы балаға оның заңды өкілдерінің қатысуымен мұндай жағдайларға жол бермеу, сақтық шараларын сақтау және қоғамдық тәртіпті ұстану туралы түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Сонымен бірге, кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.