Тоқаев Словакия басшысын Конституция күнімен құттықтады

Бүгін, 08:25 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады.

— Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тіледі, — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.