Астана әуежайынан екі ай бойы күндіз ұшақтар ұшпайды

31 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу-қону жолағы екі рет жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жолақтың жабылу мерзімдері:

2025 жылдың 1–4 қыркүйек аралығы;

2025 жылы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін.

"Жөндеу жұмыстары күн сайын 10:00-ден 18:00-ге дейін жасалады. Аталған уақытта ұшақтар ұшпайды және қонбайды. Ал 5–7 қыркүйек аралығында ұшу-қону жолағы ашық болады, рейстер қалыпты режимде орындалады", - дейді мамандар.

Осыған байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сондықтан жолаушыларға рейстердің нақты уақытын авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылап отыру қажет.