ҰҚК шекарада елге заңсыз кіргізілмек болған 678 діни кітапты тәркіледі

29 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылғы тамызда құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекара кеңістігінде 4 610 ҚР заңнамасын бұзушыны, соның ішінде: шекараны бұзғаны үшін 39 шетел азаматын, шекараны бұзу әрекеті үшін 25 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздің қызметінің Шекара қызметінен мәлім болды.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, тамыз айында мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүкті заңсыз өткізудің 1 352 фактісінің алды алынды. Соның ішінде:

Каспий су айлағында 55 браконьерлік фактісінің жолы кесілді. Соның ішінде:

Осы фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«25 тамыздан бастап Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының учаскесіндегі «Кеген» (Алматы облысының Райымбек ауданы) автомобильдік өткізу пункті тәулік бойы жұмыс режиміне ауысты», – делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

ҰҚК