Екі астаналық тұрғын 150 адамды алдап кеткен

28 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Астанада екі алаяқ азамат бірнеше жыл бойы өзін мемлекеттік бағдарлама өкілі ретінде көрсетіп, адамдарды алдап келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар кеңсе ашып, жұмыс істеп тұрған ЖШС-лардың атын пайдаланып, азаматтарға Астана мен Алматы қалаларынан жеңілдетілген шарттармен пәтер алып береміз, несие рәсімдеп береміз деп уәде берген.

Бұл уәделерін жалған келісімшарттармен «бекітіп», сендірген. Салдарынан 150 адам алданып, 1 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылған.

"Сот кінәлілерді 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, олар 5 жыл бойы материалдық жауапты және басшылық қызметтер а—тқара алмайды. Келтірілген шығын да олардан өндірілетін болды", — делінген қалалық прокуратура таратқан ақпаратта.

Прокуратура азаматтарға құжаттары жоқ, күмәнді адамдармен мәміле жасамауға кеңес береді.

Осыған дейін Астанада тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған ана сотта жеңіске жеткенін жазғанбыз.

Тэгтер:

Алаяқ Астана