Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таэквондодан Гран-при кезеңі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова жүлдегерлер қатарына енді.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз қола медаль үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті. Ахмедова вьетнамдық Тхи Ким Труонгтан 2:0 есебімен басым түсті.