Ақтөбеде 2 адам суға батып кетті

28 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Сүңгуірлер екі адамның денесін Танаберген өзенінен алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде болды. Екі адам суға түсуге тыйым салынған аумаққа батып кеткен.

«Маржанбұлақ ауылдық округінің өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері және төтенше жағдайлар бөлімі оқиға орнына барды. Сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарына сүңгуірлер тартылды. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде екі адамның денесі судан шығарылды. Адамдардың денесі өзен жағасынан шамамен 7 метр қашықтықта тереңдігі 3 метр жерден табылды», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Тэгтер:

Ақтөбе