Танымал әнші Қайрат Нұртас Астанада өткізген кешінде балалары туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода өнер иесі бесінші сәбиіне қатысты пікір білдірді.
«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін», - деді Қайрат Нұртас.
Еске сала кетсек, әншінің әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше апта бұрын бесінші баласын өмірге әкелген еді. Ал көпшілік Қайрат Нұртастың қасында болып, қолдау көрсетпегенін сынға алды. Сондай-ақ, олар енесі Гүлзира Айдарбекованың да құттықтамағанын айтып, пікір білдірді. Бұл жайт желіде қызу талқыға түскен болатын.