Қазақстан әуежайларында тәркіленген заттар енді сақталмайды

Бүгін, 14:31 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 тамыздағы қаулысына сәйкес авиациялық қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, бұдан былай ұшар алдындағы тексеріс кезінде тәркіленген заттар әуежайда сақталмайды. Жолаушыларға тасымалдауға жатпайтын заттарды шығарып салуға келген адамдарға беріп жіберуге кеңес береміз, әйтпесе тәркіленіп, жойылады.

Әуекомпания мына сілтеме бойынша тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға кеңес береді: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033197

Тэгтер:

Заң Әуежай сақтау ереже зат тескеру