Алматыда Конституция күні қалай атап өтіледі?

Бүгін, 12:15 / Інжу Әлихан
gov.kz

30 тамыз күні Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Басталуы 18:00-де – Мемлекеттік Туды шығару және Әнұран орындалады.

Сондай-ақ 200-ден астам артист қатысатын театрландырылған қойылым қойылады. Олардың арасында Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, «МузАрт Life» тобы және басқа да өнер жұлдыздары бар.

19:00-де Республика сарайының алдында ашық аспан астында «Алматы – махаббатым» спектаклі өтеді.

20:00-де «Алматы әуендері» концерті басталады. Оған Саяат Нұрғазин, Димаш Дәулетов, Kyle Ruh және өзге де эстрада жұлдыздары қатысады.

Open-air концерттің хедлайнерлері – Yenlik пен Қайрат Нұртас. Мерекелік бағдарлама сағат 22:00-де аяқталады.

Сонымен қатар, 27–29 тамыз аралығында қаланың әр ауданында концерт пен мәдени іс-шара ұйымдастырылады.

Тэгтер:

концерт Алматы мереке Конституция 30 жыл