Маңғыстаудағы комбинатта екі жұмысшы қайнаған суға күйіп қалды

Бүгін, 10:29 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

«МАЭК» ЖШС аумағында екі жұмысшы ыстық судан термиялық күйік алды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның себептерін арнайы тергеу үшін комиссия құрылды.

Ведомство мәліметінше, оқиға 27 тамыз күні «МАЭК» ЖШС аумағында №3 турбогенераторға жөндеу жұмыстары жүргізу кезінде болған. Сағат шамамен 14:30-да екі слесарь-жөндеуші ысырма арматурасын бұзу барысында ыстық судан күйік алған.

Зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетілді. Бір жұмысшы тексеруден кейін үйіне жіберілді, екіншісі әрі қарай ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызылды.

Қазір Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті оқиғаның себептерін арнайы тергеу үшін комиссия құрды.

Тэгтер:

Маңғыстау