WhatsApp-та ЖИ көмегімен хабарлама жазу мүмкіндігі іске қосылды

Бүгін, 07:24 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

WhatsApp мессенджері пайдаланушыларға хабарламаларды тұжырымдауға көмектесетін жаңа AI-негізделген функцияны іске қосты. Бұл туралы компанияның ресми блогында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Кейде сіз не айтқыңыз келетінін білесіз, бірақ оны қалай жеткізу керектігін ойластыра алмайсыз. Сондықтан біз жаңа “жазуға көмектесу” мүмкіндігін ұсынып отырмыз, – делінген хабарламада.

Функция хабарламаларды әртүрлі стильде – кәсіби, әзілге толы немесе қолдау көрсететін форматта жазуға мүмкіндік береді. Ол Private Processing технологиясы негізінде жұмыс істейді.

Қазіргі таңда бұл мүмкіндік АҚШ-та және бірқатар елдерде ағылшын тілінде қолжетімді. Алдағы уақытта қолдау көрсетілетін тілдер мен елдердің саны кеңеймек.

Айта кетейік, 21 тамызда WhatsApp-та тағы бір жаңалық пайда болды: егер абонент қоңырауға жауап бермесе, дауыстық хабарлама қалдыруға мүмкіндік беретін автоматты жауап функциясы тестілеуден өткізілді.