Аптап ыстық: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін, 05:01 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 28 тамызда астана қаласы мен Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райы күрт өзгеріп, ыстық, найзағай, бұршақ пен шаңды дауыл болады деп болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Астанада күндіз ауа температурасы +35°С дейін көтеріліп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Аймақтар бойынша болжам:

Абай облысы – солтүстік-шығыс бағыттағы жел екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы – батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы – солтүстікте желдің күші 15 м/с, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі.

Ақмола облысы – найзағай, күндіз +35°С аптап, жел 15-20 м/с дейін.

ШҚО – желдің екпіні 20 м/с, өрт қаупі жоғары.

Жамбыл, Жетісу облыстары – желдің күшеюі 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы – түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысы – күндіз +35°С ыстық, кей өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы – шаңды дауыл, күндіз +40°С аптап.

Қостанай облысы – найзағай, бұршақ, жел екпіні 20 м/с дейін.

Маңғыстау облысы – шаңды дауыл, күндіз +38°С, төтенше өрт қаупі.

Солтүстік Қазақстан облысы – найзағай, тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с.

Ұлытау облысы – күндіз +35…+38°С ыстық, өрт қаупі жоғары.

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шыққанда ауа райы болжамын ескеруге шақырады.