Испанияда орман өртіне күдікті ретінде 48 адам ұсталды

27 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Испанияда орман өртін қойған деген күдікпен 48 адам ұсталды, тағы 134 адамға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Europa Press ақпарат агенттігі мәлімдеді.

"Ішкі істер министрлігі Испанияда биылғы жазда болған түрлі орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың санын 48 адамға дейін жеткізді, ал азаматтық гвардия мен ұлттық полиция тергеп жатқан адамдардың саны 134-ке жетті", – делінген хабарламада.

Маусым айының басынан бері азаматтық гвардия 36 адамды қамауға алып, тағы 110 адамға қатысты тергеу бастаған. Ал полиция өз кезегінде 12 адамды ұстап, 24 күдіктіге айып таққан.

Бұған дейін, 13 тамызда, Испаниядағы орман өрттерінен ондаған адамның зардап шеккені хабарланған болатын, олардың төртеуі ауыр халде. Испания премьер-министрі Педро Санчес әлеуметтік желі X-те елдегі орман өрттері жағдайы әлі де күрделі екенін айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды. 

Тэгтер:

өрт Испания