Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында қола жүлде алды

27 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Трап жаттығуында аралас командалық сайыста Қазақстан-1 командасы сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасынан басым түсті. Есеп: 38-34. Тағы бір қола жүлдеге Қытайдың Тайпейі қол жеткізді.

Алтынды Қытай-2 мен Кувейт-1 командасы сарапқа салып жатыр.

Айта кетейік, бұл Әлішер үшін сары құрлық бәсекесінің алғашқы, ал Айжан үшін екінші медалі.

Тэгтер:

Қазақстан Шымкент Азия чемпионаты стенд ату