Астанада 3 жасар бала терезеден құлап, көз жұмды

27 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

26 тамыз күні елордада 3 жасар бала 6-қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған. Терезеден құлаған балаға 7 жасар ағасы қарап отырған.

Полицияның мәліметінше, бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Ведомство өкілдері мұндай жағдайлардың басым бөлігі ересектердің салғырттығынан және қарапайым сақтық шараларын сақтамағаннан болатынын атап өтті.

«Балалардың қауіпсіздігі — сіздердің қолдарыңызда. Тек қана ересектердің мұқияттылығы мен жауапкершілігі қайғылы жағдайлардың алдын ала алады», — деді полиция департаментінде.

Тэгтер:

Астана