Алматыда қамыс арасынан ер адамның денесі табылды

27 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ маңындағы қамыс арасынан Toyota маркалы автокөлік пен бейтаныс адамның денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 тамызда түнде болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның кім екені анықталды.

«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде», – делінген хабарламада.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.

Тэгтер:

көлік Алматы мәйіт қамыс