Мемлекет басшысы Ақордада Иордания Королін қарсы алды

27 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды.

Тэгтер:

Ақорда