Ақтауда 19 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап, мерт болды

27 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

27 тамызға қараған түні Ақтаудың 27-шағын ауданында қайғылы оқиға болды. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, сағат 04:00 шамасында №6 үйдің алдынан 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ол тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен. Марқұм бұл үйде тұрмаған, сондай-ақ психоневрологиялық диспансерде есепте болғаны анықталды.

Қайғылы жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Бұл – 27-шағын ауданда биыл тіркелген алғашқы оқиға емес. 29 шілдеде №4 үйдің тұрғыны қоқыс контейнеріне құлап кеткен еді. Кейін оның қаладағы банктердің бірінде жұмыс істейтіні, тұрмыста болғаны және бала тәрбиелеп отырғаны белгілі болды.

 

Тэгтер:

Ақтау