«Ақымыз болса кешіріңіз»: Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті

Бүгін, 08:02 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суық хабарды Заттыбек Көпбосынұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Хош бол, ӘКЕ!! Анашыма сәлем айта барыңыз.

Бізде бәрі жақсы де.

Ең үлкеніміз 63-тен асты де, Ең кішкентай шөберең енді бірден асты де.

Шүкір де, Біз өсірген ұл-қыздар Бәрі бүгін өсті де..

Ақымыз болса кешіңіз ӘКЕШІМ!», - деп жазды ол.