Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:14 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 27 тамызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегінше, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнде Астана қаласында ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар – әлсіз жел, тұман немесе инверсия кезінде зиянды заттардың ауада жиналуына әкелетін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай құбылыс халықтың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.