Ақтауда жер сілкінісі болды

Бүгін, 06:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жер сілкінісінің ошағы Ресейде орналасқан. Жер асты дүмпуін Маңғыстау облысының тұрғындары сезді, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісін «НТСНИ» МЭК сейсмикалық стансалар желісі сағат 1:33-те тіркеді.

Зілзала ошағы Ресей аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым жерде орналасқан, - делінген хабарламада.

Ақтаудан 209 шақырым жерде Маңғыстау облысында болжамды қарқындылық 2 баллды құрады.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖ департаментінен.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, Дербент қаласынан (Ресей, Дағыстан) 51 шақырым жерде Каспий теңізі аймағында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды.