Елордада түнгі клубта ұрлық жасаған жігіт ұсталды

26 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Астана қаласының полицейлері көңіл көтеру орнында жасалған ұрлық дерегін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға түнгі клубтардың бірінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 26 жастағы ер адам келушілердің көңіл көтеріп, билеп жатқан сәтін пайдаланып, үстел үстінде қараусыз қалған «iPhone 13» маркалы ұялы телефонды жасырын иемденген. Оқиға кезінде күдіктінің мас күйде болғаны анықталды.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын шамамен 320 мың теңгені құрады. Ұрлық бейнебақылау камералары арқылы ашылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарға ойын-сауық орындарында жеке мүліктеріне мұқият болуды ескертеді. Құнды заттарды қараусыз қалдырмау қажет, себебі бұл ұрылар үшін оңай олжаға айналады. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп келеді.

Тэгтер:

Астана ұрлық