Алматыдағы Сайран көлінің маңында төбелескен жастар ұсталды

Бүгін, 16:36 / Інжу Әлихан
egovpress

Алматы полицейлері Сайран көлінің маңында болған жаппай төбелестің алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жанжалға қатысқандардың бірінде қару макеті болғаны айтылады.

EgovPress Telegram- арнасында «Сайран көлі маңындағы мекемелердің бірінде жаппай төбелес болды» деген ақпарат жарияланды.

«Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қатысушылардың бірінде Калашников автоматы, екіншісінде пышақ болған», – делінген жазбада.

Аталған фактіге қатысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

«Бүгін таңертең Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жастардың өзара араздығы негізінде туындаған топтық жанжалдың алдын алды. Жедел түрде алынған ақпараттың арқасында жанжал дер кезінде тоқтатылды.

Оған қатысқандардың бәрі анықталып, ұсталды. Тінту кезінде қатысушылардың бірінен басқаларға қауіпті емес Калашников автоматына ұқсас макет тәркіленді», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Алматы Сайран көлі