Астанада Конституция күніне орай мерекелік концерт өтеді

Бүгін, 16:26 / Інжу Әлихан
gov.kz

Астанада Амфитеатр сахнасында «Ата заң – азат елдің арқауы» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара 29 тамыз күні сағат 19:00-де өтеді. Айтулы датаға арналған концертте танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеш барысында көрерменге патриоттық рухтағы танымал туындылар мен шығармалардан тұратын мазмұнды бағдарлама ұсынылады.

Мерекелік концертте елге танымал эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, DOS тобы, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Зарина Божакова, Нұрбол Балапанов, Тұрар Төлеутай және Мәди Сыздық өнер көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кештің хедлайнері – ALEM.

Ел тарихындағы маңызды белестердің бірі – Конституция күніне арналған бұл концерт Отанға деген сүйіспеншілікті көрсетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.

Биыл Қазақстанда Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи мерейтойға орай елордада мерекелік, спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың тұтас легі ұйымдастырылуда. Бағдарламада турнирлер, дәрістер, құқық сабақтары, концерттер, фестивальдер және тағы басқа көптеген іс-шара бар.

Тэгтер:

Астана концерт мереке тамыз Конституцияға – 30 жыл амфитеатр